Алматы прокуратурасы жедел жәрдем қызметін тексеруге қатысты ақпаратты жоққа шығарды

Хабар 24
Олар қаланың құқық қорғау органдары да жедел жәрдемге қатысты тергеу жүргізбегенін қоса жеткізді.

Алматы прокуратурасы қаладағы жедел жәрдем қызметін тексеріп жатқандары туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Алматы қаласының прокуратурасы Жедел медициналық қызметіне қатысты ешқандай тексеріс тағайындамаған немесе жүргізбеген", делінген ресми сауалға берілген жауапта.

Олар қаланың құқық қорғау органдары да жедел жәрдемге қатысты тергеу жүргізбегенін қоса жеткізді.

12 сәуірде Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Светлана Сұлтанғазиева прокуратураның қаладағы жедел жәрдем қызметін тексеріп жатқанын мәлімдеген еді.

Осыдан біраз уақыт бұрын жедел жәрдем қызметін арнайы комиссия тексерді. Барлық істер қосымша тергеу үшін прокуратураға тапсырылды. Жедел жәрдем қызметкерлерінің шағымына келетін болсақ, арыз түскені рас, бірақ олар құқық қорғау органдарына берілді, - деп жауап берді Сұлтанғазиева.

Кейінірек Денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды:

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бұл ақпарат дұрыс жеткізілмеген, себебі ол арада кейбір мәлімет бұрмаланған.

Олар іс жүзінде жедел жәрдем қызметіне қатысты "құзырлы органдармен бірлесе, кешенді тексеру жүргізіліп жатыр" деген сөз болғанын ескертті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды