Есіл өзенінен шығарылған көлік ішінен адам денесі табылды

inform.kz
Алдын ала болжам бойынша, олар балық аулаған. Спирттік ішімдік ішкен. Соңы осылайша қайғылы аяқталды.

Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар балық аулауға шығып, көлікпен суға кеткен ер адамның денесін Есіл өзенінен алып шықты, деп хабарлайды zakon.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

СҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға 22 сәуірде шамамен түнгі сағат 2.30-да болған. Қызылжар ауданы Қызыл Яр елді-мекенінің маңындағы Есіл өзенінде балық аулауға шыққан екі ер адам "Toyota surf" көлігімен Есіл өзеніне түсіп кетті. Ұйықтамақ болып жатқан кезде балықшылардың дөңде тұрған машинасы өзенге сырғып кеткен. Көлік жүргізушісі өздігінен шығып, аман қалды, ал ішіндегі жолаушысы мерт болды.

"Хабар түсісімен-ақ оқиға орнына 5 адамнан тұратын құтқару тобы жіберілді. Сүңгуірлер сағат таңғы 6.00-ден іздеу операциясын бастады. Тек сағат 11.00 шамасында ғана автокөлік жағалаудан 30 метр жерден табылды. Жергілікті атқарушы орган өкілдерінің, полиция қызметкерлерінің қатысуымен көлік судан шығарылған. Оның ішінен жолаушының мәйіті табылды. Қаза тапқан ер адам 39 жаста, Петропавл тұрғыны. Алдын ала болжам бойынша, олар балық аулаған. Спирттік ішімдік ішкен. Соңы осылайша қайғылы аяқталды", - дейді СҚО ТЖД бөлім бастығы Сәкен Ағзамов.


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін