Тоқаев қайтыс болған ақсулық өрт сөндірушіге марапат тағайындады

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Орденді Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин өрт сөндірушінің әкесі Қабзолдин Дулат Машрапұлына тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысында қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші Арыстанбек Машрапқа марапат тағайындады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Павлодар облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің № 12 өрт сөндіру бекеті бөлімшесінің командирі Арыстанбек Машрап қайтыс болғаннан кейін ІІІ дәрежелі "Айбын" ордені мемлекеттік наградасымен марапатталды", делінген хабарламада.

Орденді Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин өрт сөндірушінің әкесі Қабзолдин Дулат Машрапұлына тапсырды.

Еске сала кетейік, қайғылы жағдай 2021 жылдың 25 ақпанында Павлодар облысының Ақсу қаласында болған. Арыстанбек Машрап тұрғын үйде шыққан өртті сөндіру кезінде жан тапсырған.

Азаматтық қорғау сержанты Арыстанбек Машрап 2018 жылдан бастап азаматтық қорғау органдарында қызмет етті.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Арыстанбектің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты әкесіне көңіл айтты.

Адамдарды құтқару үшін өз өмірін қиған ТЖ қызметкерлерінің ерлігі санамыздан ешқашан өшпейді. 1991-2021 жылдар аралығында қызметтік борышын атқару кезінде азаматтық қорғау органдарының 53 қызметкері қаза болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

2027 жылдан бастап ипотекалық қарыздар бойынша қандай сыйақы мөлшерлемелері белгіленеді

Қазақстанда мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне жалақы төлеу ережесі жаңартылды

Алматы облысында жер сілкінісі болды