Алматыда Lada бес жаяу жүргіншіні қақты

zakon.kz
Үш адам ауруханаға түсті.

Алматыда Жангелдин-Баянауыл көшелерінің қиылысында жол апаты орын алды, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Mitsubishi Pajero жүргізушісінің айтуынша, ол Баянауыл көшесі бойымен шығысқа қарай бағыт алған. Бағдаршамның жасыл түсі жанғанда қозғалып, жол қиылысына шығады. Осы кезде оңтүстік бағыттағы қиылыста бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамастан автобустың артынан іші жолаушы толы такси - Lada Granta атып шығады. Mitsubishi Pajero тоқтап үлгермей, Lada Granta-ға соғылады. Mitsubishi жүргізушісінің айтуы бойынша, алған соққыдан Лада айналып барып, 5-6 адам тұрған жол шетіндегі жаяу жүргіншілер тротуарына ұшып түседі. Көлік адамдарды қаға-маға, бір әйелді арыққа сұлатып, артынан өзі үстіне барып түскен.

Адамдар бірден жүгіріп, әйелдің сыртқа шығуына көмектесті. Сол әйел мен таксидің екі жолаушысы ауруханаға түсті. Қалған жаяу жүргіншілер онша зардап шеккен жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды