Әсел Айтпаеваның өлімі. ҚР ІІМ Грузияға ізкесушілер жібереді

azattyq-ruhy.kz
Жақын арада халықаралық келісімге сәйкес, Бас прокуратура мен Сыртқы істер министрлігінің үйлестіруімен ҚР Ішкі істер министрлігі Грузияға жедел-тергеу тобын жібереді.

ҚР Ішкі істер министрлігі қазақстандық Әсел Айтпаеваның өлімінің мән-жайын анықтау үшін Грузияға жедел-тергеу тобын жібереді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Жақын арада халықаралық келісімге сәйкес, Бас прокуратура мен Сыртқы істер министрлігінің үйлестіруімен ҚР Ішкі істер министрлігі Грузияға жедел-тергеу тобын жібереді. Олардың міндеті - оқиғаның барлық мән-жайларын зерттеу және Грузия тарапымен сотқа дейінгі тергеу материалдары бойынша ақпарат алмасу, - деді ҚР ІІМ-нің ресми өкілі Нұрділдә брифингте.

Ол Нұр-Сұлтан қалалық полиция бөлімі марқұмның ата-анасының арызына сүйене отырып, азамат Мейрамбековке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын еске салды.

Күдікті ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, - деді министрліктің ресми өкілі.

Әсел Айтпаева 5 мамырға қараған түні Тбилисиде түсініксіз жағдайда қайтыс болды. Қыз тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап кетті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады