Мәскеуде мектепте атыс ұйымдастырмақ болған тағы бір оқушы ұсталды

gazeta.ru
Оның қастық ойын құрбысы анасына жайып салған, өз кезегінде әйел полицияға қоңырау шалады.

Мәскеуде оқушы бала мектепте атыс ұйымдастыруды жоспарлаған, деп хабарлайды zakon.kz

16 жастағы Матвей 15 жастағы қызға өз жоспарын айтып берген.

Life Shot атап өткендей, мұны естіген қыз қатты шошып, бірден анасына бәрін жайып салған. Әйел адам өз кезегінде полицияға қоңырау шалады.

Матвейдің үйіне тәртіп сақшылары сау ете түседі. Бозбала қызға жай әзілдегенін, ондай әрекет жасау ойында болмағанын түсіндірді, - делінген хабарламада.

Алайда, орта мектеп оқушысы тұратын пәтерден олар:

- пневматикалық автомат;

- пневматикалық тапанша;

- "RS-31" маркасындағы "Жевело-Н" револьвері;

- танкке қарсы гранатаның бос түтігін тапқан.

11 мамырда Ильназ Галявиев Қазандағы бір мектепте атыс ұйымдастырды. Шабуыл кезінде тоғыз адам көз жұмып, шамамен 20 адам ауруханаға түсті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме