Грузияда қайтыс болған қазақ қызы - Әсел Айтпаеваның ісіне қатысты жаңа мәліметтер пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.
Грузияда қайтыс болған қазақ қызының әпкесінің айтуынша, тағы екі қыз алыс туысқанының құрбаны болуы мүмкін.
"Астана" телеарнасының хабарлауынша, қайғылы оқиғадан кейін зардап шеккендердің өздері туыстарының үйіне барған. Бірақ тергеу мүддесі үшін олар камераға сөйлеуден бас тартты. Мұрат Мейірбеков өткен демалыс күндері Нұр-Сұлтанда ұсталғаны хабарланды. Ол адам саудасы айыбы бойынша күдікті ретінде танылған.
Қыз Грузиядағы көпқабатты үйдің терезесі алдынан өлі күйінде табылды. Онда ол алыс туысының шақыруымен жұмысқа барған. Бұл өте өрескел қателік болды дейді марқұмның туыстары. Әселдің әпкесінің айтуынша, ол әрқашан шетелде өмір сүруді армандаған. Өз пәтеріне ақша жинағысы келген. Қыз үйіне табытпен оралады деп ешкім ойламаған.
Егер оны бөтен біреу шақырса, ол шетелге бармас еді. Біз де оны жібермес едік. Ал бұл ретте туысымыз ғой, шынымен де көмектесіп жібереді деп үміттеніп, сендік. Сөйтсек Әсел оның бірінші құрбаны емес екен. Инстаграм арқылы бізге тағы екі қыз шықты. Мына Мейірбеков ол екі қызға да шығып, шетелге шақырыпты, - дейді марқұмның әпкесі.
Өлер алдында Әсел отбасына ер адаммен болған өзара сөздің аудиохабарлама жіберген. Онда бойжеткен Мейірбековтің өзіне бірнеше рет қорлық көрсеткенін айтады. Грузия прокуратурасы оған сырттай зорлау айыбын танды. Күдіктінің өзі қайғылы оқиғадан кейін Тбилисиден бірден қашып кеткен. Ер адам демалыс күндері Қазақстан астанасында ұсталды. Мұнда ол адам саудасы бойынша күдікті ретінде ұсталған.
Себебі адам Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған болса, онда ол осы жерде жауап береді. Сондай-ақ, халықаралық шартта адамдарды айғақ беруге немесе күдіктілерден жауап алу ұшін бір-біріне беру мүмкіндігі қарастырылған, - деді адвокат Владимир Ватык.
Күдікті ұсталып, Нұр-Сұлтандағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл де істің барысын жеке өз қадағалауына алды.