Желіде Түркістан облысы әкімінің орынбасары ұсталғаны туралы ақпарат тарады

inbusiness.kz
Облыстық әкімдік Мырзалиевтің ауруына байланысты демалыс алғанын жеткізді.

Түркістан облысының әкімдігі облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің ұсталуы туралы ақпаратқа түсініктеме берді. Мырзалиев гипертониялық ауруының асқынуына байланысты ауруханаға жатқызылған, деп хабарлайды zakon.kz.

YEDILOV ONLINE Telegram арнасында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің қамауға алынғаны туралы ақпарат пайда болды. Оның пара алды деген күдікке ілінгені айтылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі өздерінде, әзірге ондай ақпарат жоқ екенін айтты. Облыстық әкімдік Мырзалиевтің ауруына байланысты демалыс алғанын жеткізді.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мырзалиев Мейіржан Иябайұлы ресми түрде еңбек демалысында. Ол гипертониялық ауруының асқынуы диагнозымен облыстық ауруханалардың біріне түсті. Артық ауыз сөзден аулақ болуларыңызды сұраймыз. Қосымша ақпарат кейінірек беріледі, делінген әкімдіктің хабарламасында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді

Тибетте қатты жер сілкінісі болды