Алматыда балаларды тонайтын ер адам ұсталды

pxhere.com
Ұсталған адам уақытша ұстау изольяторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Алматыда балалардың қолындағы телефонды тартып әкететін адам ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, 22 жастағы Н. деген азамат құрбаны ретінде жас балаларды таңдаған, ал ұрлықтың объектісі ұялы телефон болған. Ол кәмелетке толмаған баланың қасына келіп, әңгіме бастап, қоңырау шалу үшін телефонын бере тұруды сұрайды, содан кейін, әрине тайып тұратын болған.

Қолынан телефонды жұлып алып қашқан сәттер де болған. Бірақ барлық жағдайда күдікті балалармен, дәлірек айтқанда 12-ден 15 жасқа дейінгі жасөспірімдерді алдымен сөзге тартқан. Бұрын сотталмаған жас жігіт өзінің іс-әрекетін қаржылық қиыншылыққа тап болуымен түсіндірді, - деді Наурызбай аудандық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Дидар Аханов.

Ұсталған адам уақытша ұстау изольяторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты