Теміртауда екі әйел екі қыздың жанын шығарды

polisia.kz
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Теміртауда 25 жастағы қызды ұрып, қасындағы құрбысының көлігін бүлдірген екі күдікті әйел ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, 6 маусымда Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне сауда орындарының бірінің жанында жанжал болғаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына Теміртау қаласының ПБ Патрульдік полиция батальонының ең жақын жасағы жетті. Белгісіз екі әйелдің 25 жастағы бойжеткен мен жанжалдасқаны белгілі болды. Кенеттен болған жанжал кезінде олар жәбірленушіге дене жарақатын салған, сондай-ақ құрбысының көлігіне зақым келтірген. Жедел-іздестіру шарасы кезінде полиция күдіктілерді 28 және 31 жастағы екі әйелді ұстады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды