Оңтүстік Кореяда қираған бес қабатты ғимарат кісі толы автобусты басып қалды

pravda.com.ua
Онда 17 адам болған. Тоғыз жолаушы қаза тапты. Қалғандары ауыр жарақат алды.

Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында сүруге жатқызылған бес қабатты ғимарат адамдар толы автобустың үстіне құлады, деп хабарлайды zakon.kz.

Pravda.com.ua сайтының хабарлауынша, қайғылы оқиға болған жерде бес қабатты ғимаратты бұзу жұмыстары жүріп жатқан. Оқыс оқиға автобустың аялдамаға тоқтаған сәтінде орын алды. Онда 17 адам болған. Тоғыз жолаушы қаза тапты. Қалғандары ауыр жарақат алды.

Белгілі болғандай, ғимарат бұзылар алдында жұмысшылар алаңнан эвакуацияланған. Олардың кейбіреулері тергеушілерге ғимараттың жанындағы жаяу жүргіншілер жолын бұзу жұмыстары алдында жапқандарын айтты, деп жазады ВВС.

Құлаған ғимаратқа қарама-қарсы орналасқан дүкен иесінің айтуынша, бұл жер сілкінісі сияқты болған.

Мен жолды көрмей қалдым, айнала тұман, топырақ болып кетті. Содан кейін мен дүкеннің сыртқы бейнебақылау камерасындағы жазбаны тексеріп, қиратылған ғимараттың автобустың үстіне құлағанын көрдім, - деді ол.

Қазір полиция төтенше жағдайдың себептерін анықтап жатыр.

Бұқаралық ақпарат құралдары 1995 жылы бейбіт кезеңдегі ең айтулы қайғылы оқиғалардың бірі Оңтүстік Кореяда болғанын еске түсірді. Ол кезде Сеулдегі бес қабатты "Сампун" сауда орталығы ғимаратының құлауынан 500-ден астам адам қайтыс болған еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталды: не істеу керек, қайда бару керек