Оралда күзетте болған сарбаз өз-өзіне қол жұмсады

azh.kz
Оқиға бүгін таңғы сағат 5:30 шамасында болған.

Оралда әскери борышын өтеп жатқан сарбазға оқ тиіп, салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды zakon.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға бүгін таңғы сағат 5:30 шамасында болған.

Бозбала жедел облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Әскери бөлім басшылығының мәлімдеуінше, жауынгер өз-өзіне қол жұмсаған. Ол сол түні түзету мекемесінде күзетте болған.

Марқұм – Ақтөбе өңірінің тумасы. Қазір оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жәнібек Сәрсенов, 5517 әскери бөлімі командирінің орынбасары:

– Қарудан өз-өзін жаралады. Әскери қызметшіні аман алып қалу мүмкін болған жоқ. Қазіргі таңда әскери тергеу органдарымен тергеу жүргізілуде. Әзірге басқа ақпарат бере алмаймыз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс