Ақтөбеде отқа оранған көлік: Ауруханадағы екінші бала қайтыс болды

sigmatv.com.ua
Үлкен ағасы 4-дәрежелі күйік алды. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалады. Өкінішке орай, дәрігерлер баланың өмірін сақтай алмады.

Ақтөбе облысында қаңтарулы көлікте өртенген екінші бала қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мой Город" газетінің хабарлауынша, Әйтеке би ауданы, Еңбек ту ауылындағы үйдің ауласында қаңтарулы тұрған, бұзылған ВАЗ-2106 автокөлігі 16 маусымда, сағат 15.00 шамасында өртке оранған.

Оның салонында екі бала ойнап отырған. Өрттің неліктен шыққаны түсініксіз.

Отқа оранған көліктен 7 жасар бала шығып үлгерген, бірақ оның 3 жасар інісі шыға алмай, іште қалып, мерт болды.

Үлкен ағасы 4-дәрежелі күйік алды. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалады. Өкінішке орай, дәрігерлер баланың өмірін сақтай алмады. Ол жедел жәрдемнің көмегімен жеткізілген облыстық ауруханада қайтыс болды, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды