Қазақстанда пара беру туралы жиналыста ашық айтыла бастады

mk.ru
Оның бір фактісі таяуда Маңғыстау облысында орын алып, видеосы желіде тарады.

Маңғыстау облысында қызметкерлеріне пара беру тәсілін айтып, өз тәжірибесімен бөліскен бөлім басшысы жұмыстан босатылды. Оның бұл әрекеті мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіріп, әдеп кодексін бұзу деп танылды, деп хабарлайды zakon.kz КТК-ға сілтеме жасап.

- Француз үйінен 50 мыңды былай қойып, екеуіне 25 мыңнан әтір алып берсем, "иә, нормально, иә", - деді. Солай емес пе? Сонда қарым-қатынас жақсы болады.

Әлеуметтік желіде таралған видеода Мұнайлы ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бахтияр Қуанышбек қызметкерлеріне облыстағы екі басқарма бастығына 50 мың теңгеге Montale атты қымбат француз әтірін сыйлайтынын айтып мақтанған. Тіпті бастығыңа сый-сияпат жасасаң, достығың ұзағынан болады деп өзгелерге ақыл айтып жатыр. Ол видеода аталған басқарма басшылары, кейде кешкісін қайда жүргенін сұрап, хабарласатынын да жасырмады. Қымбат сыйлық жасап көңілін тапсам, орынтаққа да ұзағынан отыруға болатынын айтып қояды.

Бахтияр Қуанышбек Мұнайлы ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы міндетін атқарушы болып жақында тағайындалған. Үш ай сынақ мерзімі бітпей жатып, енді осы видеоның кесірінен жұмыссыз қалды.

Бақтияр Қуанышбек:

- Өзімнің басқарма бастықтарым Жанна Жұмабаевна мен Венера Тұрановнадан да тікелей кешірім сұраймын. Себебі, ешқандай арамызда сыйлық бойынша келісім болған жоқ. Облыс, аудан әкімдіктерінен де кешірім сұраймын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды