Ақтөбеде жол апатына ұшыраған мұғалімдер әулие атаның басына барған

Төртеудің екеуі мерт болды, ал аман қалғандардың жағдайы өте ауыр.

Ақтөбе облысында көлік апатынан аман қалған екі мектеп директоры облыстық ауруханаға жеткізіледі. Басынан жарақат алып сүйектері сынған оларды дәрігерлер тексерген соң ғана тасымалға қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Осыдан екі бұрын Ақтөбедегі төрт мектептің басшысы мінген көлік аударылып, екі адам қаза тапқан. Олар Ойылдан облыс орталығына қайтып келе жатыпты. Қазір Ақтөбедегі №20 мектеп пен №33 мектептің кіреберісіне қаралы бұрыш ұйымдастырылған. Көлік апатынан қаза тапқан қос білім ошағы басшысының суреті тұрған тұсқа әріптестері мен оқушылар гүл шоғын қойып жатыр.

Бағдат Орынбаева мен Альмира Орақованың демалыс күні Ойылға кетіп қайта оралмағанына жақындары сенер емес. Ертең ұстаздарды ақтық сапарға шығарып салады.

Оразбай, Жәдігерұлы, №33 мектептің мұғалімі:

- Бұл кісінің қазасы барлық облыс білім саласында істейтін қызметкерлергн орны толмас ауыр қайғы болды. Енді Алланың ісіне шара жоқ. Қазақпыз ғой, көппен бітетін шаруа. Қаза дейтін өте ауыр шаруа. Бар көмегімізді беріп, ақтық сапарға шығарып салуға атсалысып жатырмыз.

Екі күн бұрын Ақтөбедегі төрт мектептің басшысы мінген көлік апатқа ұшыраған. Олар Ойылдан облыс орталығына қайтып келе жатқан еді. "Тойота Прадо" көлігін тізгіндеген №33 мектептің басшысы Альмира Орақова рөлге игере алмай қалған. Жанында отырған әріптесі Бағдат Орынбаева екеуі оқиға орнында көз жұмады. Олар демалыста Ойыл ауданындағы әулие атаның басына тәу етуге барған көрінеді.

Бекболат Ізбасаров , Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Жол апатында екі адам қаза болды. Екі адам Ойыл ауданы ауруханасына жеткізілген болатын. Біреуінің жағдайы орташа ауырлықта, ол қалаға жеткізіледі. Енді ауыр жағдайдағы науқасты барып қарау керек. Аман қалған өзге екі директордың бірінің жамбасы мен қабырға, жақ сүйегі сынған. Хәлі ауыр.

"Тасымалға жарайтын болса, облыс орталығына жеткіземіз", - дейді дәрігерлер.

Метгүл Қосымбаева, Ақтөбе қаласы білім бөлімінің басшысы:

- Тергеу жүргізіліп жатыр. Әзірге бізге келген ақпарат: Ойылда қасиетті әулие атаның басына барған. Білім саласына сіңірген, еңбегі зор. Қаншама оқушыларымызды, болашақ ұрпақ тәрбиелеп, өмір жолын таңдауға үлкен үлес қосқан азаматтар.

Жол апатынан қаза тапқан ұстаздарды ертең жерлейді. Бағдат Айсұлтанқызының артында екі баласы қалса, Альмира Шахарбекқызы тұрмыс құрмаған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: