Субұрқақтағы оқыс оқиға. Дәрігерлер ток соққан екі қыздың жағдайы туралы айтты

04med.kz
Екеуінің де жағдайы ауыр болған. Оларға шұғыл хирургиялық көмек көрсетілді.

Алматыдағы субұрқақтардың бірінде тоқ соғып, зардап шеккен қыздардың беті бері қарап, жағдайы жақсарды. Олар өздерін жақсы сезінеді, - деді Балалар шұғыл медициналық көмек орталығы бас дәрігерінің орынбасары Алуа Жексенова, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, балалар ауруханасына сегіз және 10 жастағы қыздар 19 маусымда келіп, түскен. Екеуінің де жағдайы ауыр болған. Оларға шұғыл хирургиялық көмек көрсетілді.

Электр жарақатын алған сегіз жасар қыз жансақтау бөліміне түсті. Бүгінгі күні жағдайы тұрақталды, ауырлық дәрежесі - орташа, шағымдары жоқ. Ары қарай емдеу үшін мамандандырылған бөлімге ауыстырылды, - деді Жексенова.

10 жасар қыз ауруханада 19 маусымнан бастап орташа ауырлықта дәрежесімен жатыр. Оны күйік шалған, бірінші дәрежелі. Бас дәрігердің орынбасарының айтуынша, қыздардың жағдайы жақсы.

20 маусымда Алматыда көшедегі субұрқақта екі қыз бен бір әйелді электр тогы соғып, өлтіріп қоя жаздады. Әйелдің жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланады. Оқиғаға кінәлілер бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі