Алматыда Mercedes мінген бойжеткен ауыр апат жасады

zakon.kz
Оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтауда.

Алматының "Әйгерім-2" ықшамауданындағы Шұғыла мен Түймебаев көшелерінің қиылысында жол апаты болды, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Көшелердің қиылысында жол беруі тиіс болған Mercedes-Benz жүргізушісі қиылысқа шығып кетіп, оны су таситын "КамАЗ" көлігі соқты.

Жойқын соққыдан кейін Mercedes-Benz көше бойындағы қоршауды жапырып, үйге соғылса, "КамАЗ" барып ағашқа соғылды. Оның тіпті цистернасы түсіп қалды.

Нәтижесінде Mercedes-Benz-те отырған үш қыз бен "КамАЗ" жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты