Оралда ер адамды пойыз қағып кетті

mgorod.kz
Оқыс оқиға 28 маусым күні таңертең №4 ықшам ауданда болған.

Оралда Нұр-Сұлтан-Орал бағытында жолаушылар пойызы 25 жастағы жігітті қағып кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мой город" порталының хабарлауынша, оқиға 28 маусым күні таңертең №4 ықшам ауданда болған.

Рұқсат етілмеген жерден теміржолды кесіп өткен ер адамды жолаушылар пойызы қағып кеткен. Зардап шегуші қалалық көп салалы ауруханаға жеткізілді, - деді БҚО денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі.

Көлік полициясы басқармасының мәліметінше, бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы, 1-тармағы бойынша Орал станциясындағы желілік полиция бөлімінің бірыңғай тізіліміне тіркелді (Теміржол қозғалысының қауіпсіздігі ережелерін бұзу).

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл іс бойынша басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүдделері үшін жария етуге жатпайды, - дейді Көліктегі ПД баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі