Нұр-Сұлтанда тыр жалаңаш велосипед теуіп жүрген ер адам ұсталды

pixabay.com
Ер адам кездесуге келген көлігінің жүк салғышынан велосипедті алып, үйіне қарай бет алған. Оның айтуынша, ол мас болғандықтан, рөлге отыруды жөн санамаған.

Нұр-Сұлтанда өзен жағалауы бойымен тыр жалаңаш велосипед тепкен ер адам байқалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Полицияға Есіл өзенінің жағалауында жалаңаш ер адамның велосипед теуіп жүргені туралы хабарлама келіп түсті.

Велосипедке мінген ер адам мас болып шықты. Ол ұсталды. Онда киімнен тек аяқ-киімі ғана болған, - деп хабарлады қалалық ПД.

Түнде өзен жағасында досыммен бірге ішімдік іштік. Қатты ыстықтаған соң шешініп, суға түскенмін. Ал судан шыққанымда жағалаудан киімімді таппай қалдым. Танысы бүкіл заттарымды алып, зым-зия болып кетті, - деді ұсталған адам.

Осыдан кейін ер адам кездесуге келген көлігінің жүк салғышынан велосипедті алып, үйіне қарай бет алған.

Оның айтуынша, ол мас болғандықтан, рөлге отыруды жөн санамаған.

Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу және басқаларға әдепсіз қылық таныту, қоғамдық тәртіпті бұзу сынды әрекеттері үшін ӘҚБтК-нің 440, 434-баптары бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Ер адамға айыппұл салынып, әкімшілік қамауға алынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді