Алматы облысында жол апатынан әке мен қызы көз жұмды

en-media.tv en-media.tv
Оқиға 28 маусымда сағат 14:50 шамасында болған.

Әлеуметтік желілерде ер адам мен қыз баланың жүк көлігі дөңгелегінің астына түскен сәтінің жан түршіктіретін видеосы пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқиға 28 маусымда сағат 14:50 шамасында Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жамбыл ауылында болған.

Видеода ер адам жаяу жүргіншілер өткелінен жолды кесіп өтеді. Сол сәтте тіркемесі бар шөп тиелген "ЗиЛ" жүк көлігі келе жатқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КАСКЕЛЕН И КАРАСАЙСКИЙ РАЙОН (@kaskelenkz)

Жүргінші отбасын өзенге шомылуға апара жатқан жергілікті етікші деседі. Ер адам мен қыз сол жерде қайтыс болды. Ұлы ауруханаға жеткізілді.

ЗИЛ-431410 жүк көлігінің 45 жастағы жүргізушісі үш жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде 53 жастағы жергілікті тұрғын мен 9 жастағы бала алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. 3 жастағы бала қалалық ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Алматы облысы ДП баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2025 жылдың 1 мамырынан бастап жедел жәрдем қызметі қалай жұмыс істейді

"Бөдененің жұмыртқасындай". СҚО-да бұршақ жауды

Телефондағы деректердің ұрлануынан қалай қорғануға болады - үздік 3 кеңес

Алматыда 30 сәуірде дабыл белгілері іске қосылады

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы