Алматы облысында көлік қағып, жас әйел қаза тапты

zakon.kz
Қатты соққыдан жүргінші 20 метрдей жерге ұшып түсіп, алған жарақатынан жан тапсырды.

Түнде Құлжа тас жолының бойында, Еңбекші ауылының тұсында 30 жастағы әйелді көлік қағып, ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ескі Mercedes ескі Honda CR-V көлігін сүйреп келе жатқанда жолға жүргінші жүгіріп шығыпты.

Mercedes жүргізушісі кілт бұрылып үлгергенімен, жүргіншіні көрмеген арттағы Honda қызды қақты.

Қатты соққыдан жүргінші 20 метрдей жерге ұшып түсіп, алған жарақатынан жан тапсырған екен. Соған қарағанда, бірін-бірі сүйреген екі көліктің жылдамдығы өте жоғары болғанға ұқсайды. Оқиғаның мән-жайын тергеушілер анықтауда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео