Топ болып оқушыны зорлау. Ақтөбеде мектеп әкімшілігіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

MeteoWeek.com
Білім беру мекемесінің қызметкерлеріне 5,8 миллион теңге айыппұл (2000 АЕК) немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

Топ болып оқушыны зорлау фактісі орын алған мектеп әкімшілігіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ақтөбе облыстық ПД мәліметінше, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабы (Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді дұрыс орындамау) бойынша ашылды.

Білім беру мекемесінің қызметкерлеріне 5,8 миллион теңге айыппұл (2000 АЕК) немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

Бұған дейін Ақтөбе облысы әкімдігінің Білім бөліміндегілер Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жауапты тұлғаларды жауапқа тарту туралы хабарлама жібергендігін айтқан. Ақтөбе облысының Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті мектеп қызметкерлеріне қатысты қызметтік тергеуді бастады.

Ақтөбе облысы әкімдігінің Білім бөліміне балаға және оның отбасына психологиялық көмек көрсету тапсырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді