Өткен жылы Үкімет басшысының министрлермен бірге Таразға барған жұмыс сапары кезінде Денсаулық сақтау министрлігінің экс-басшысы Елжан Біртанов коронавирус болып қалған. Біртанов Премьер-министрдің, делегация мүшелерінің, сондай-ақ басқа да азаматтардың денсаулығына қауіп төндіргісі келмеді және санавиация ұшағын қолдануға мәжбүр болды. Оған Премьер-министрдің өзі тікелей рұқсат берді. Бүгін сот отырысында адвокат Нұрлан Бейсекеев осылай деді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Бұған дейін Біртановқа КВИ диагнозы анықталғанда санитарлық авиация ұшағын пайдаланды деген тағы бір айып тағылған.
Экс-Денсаулық сақтау министрінің адвокаты сот отырысында өткен жылы Елжан Біртановтың Таразға сапарынан қайтарда жұмыс тобы мүшелерімен неге бірге оралмағанын, санитарлық авиация көлігімен Нұр-Сұлтанға жеткенін түсіндірді.
Біртановтың ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабымен санитарлық авиация ұшағын қолдану күдігіне тоқталатын болсақ, мен келесіні талап еткім келеді: бұл қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 34-бабындағы талаптарға қарамастан қозғалған, ал ол бойынша аса қажеттілік жағдайда бұл қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды. Яғни, осы адамның немесе басқа адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне, сондай-ақ қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою мақсаты болды ол арада. Егер бұл қауіпті басқа тәсілдермен жою мүмкін болмаса әрі қажетті шектен асу орын алмаса, деп түсіндірді Бейсекеев.
Ол Премьер-министр Асқар Маминнің 2020 жылғы 12-13 маусым аралығындағы жұмыс сапарының бағдарламасына сәйкес, Біртановтың орталығы Тараз қаласы болып табылатын Жамбыл облысында жұмыс тобының құрамында болғанын еске түсірді.
Бұл сапардың мақсаттарының бірі - Қордай өңіріне бару, Премьер-министрді және жұмыс тобының мүшелерін Биологиялық қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институтының жұмысымен, биологиялық өнімдерге арналған биофармацевтикалық зауыттың құрылысымен және басқа да медициналық мекемелердің құрылыс таныстыру. Белгіленген ережелерге сәйкес, осы аймаққа сапарында делегацияның барлық мүшелерін Нұр-Сұлтаннан ары-бері әуе жолымен тасу қамтылды. Ашық ақпарат көздерінен осы сапар кезінде Біртановтың COVID-19 вирусымен ауырғаны белгілі, бұл диагнозды 2020 жылы 13 маусымында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің медициналық орталығы растады, - деді ол.
Осы сараптама нәтижелері бойынша Біртанов Нұр-Сұлтан қалалық модульдік жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды, оған екі жақты асқынған пневмония диагнозы қойылды, кейін денсаулығының нашарлауына байланысты ол ұлттық кардиология орталығына ауыстырылды. Ол мұнда 2020 жылдың 23 маусымына дейін емделді.
Өкінішке орай, бұл жағдайда ҚР Қылмыстық кодексiнің 34-бабындағы талаптарға сәйкес, тергеу органдары бастапқыда тиісті дұрыс баға бермегенін мәлімдеймін. Біртановтың жұмыс тобының мүшелерімен бір ұшақта Нұр-Сұлтанға оралуға құқығы болған жоқ, өйткені инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары болды. Ол арада ҚР Премьер-министрі мен Министрлер кабинетінің өзге мүшелері болды. Елімізде вирустың таралу деңгейінің артуына байланысты сол қиын кезеңде Премьер-министрдің COVID-19 инфекциясын жұқтыруы бүкіл Министрлер кабинетінің жұмысы үшін ауыр зардапқа әкеліп соқтыруы мүмкін еді, өйткені Президент Үкімет басшысы мен Денсаулық сақтау министріне, штаб басшылығына коронавирустың таралуын болдырмауды, елде жарияланған төтенше жағдайлар кезінде халықты қолдауға бағытталған шұғыл шараларды қабылдауды тапсырып, одан зор үміт күтіп отырған еді, - деді заңгер .
Оның айтуынша, Біртанов жолаушыларға ауру жұқтыру қаупі жоғары болғандықтан, басқа да көлік құралымен Нұр-Сұлтанға орала алмайтын еді.
Үкімет мүшесі ретінде оның өзінің тұрақты жұмыс орыны, медициналық мекемеге тіркелу орыны - Нұр-Сұлтанға оралмауға құқығы болған жоқ. Сондықтан Біртановты санитарлық авиациямен Тараздан Нұр-Сұлтанға жеткізу елдегі төтенше жағдайларға байланысты мәжбүрлі шара болды, - деп сөзін қорытындылады Бейсекев.
Сондай-ақ, бұл жағдайды Елжан Біртановтың ағасы Ержан Біртанов та шұғыл шара екенін атай келе, оның премьер-министрдің, делегация мүшелерінің денсаулығына қауіп төндіргісі келмегенін растады.