Ыстамбұлда қазақстандық қыз күзетшінің саусағын тістеп алған

24kz
Қазір тергеу істің мән-жайы шынымен де қалай болғанын анықтап жатыр.

Түркияның ойын-сауық мекемелерінің бірінде қазақстандық қыздардың қатысуымен жанжал болды, деп хабарлайды zakon.kz Түркияның Milliyet басылымына сілтеме жасап.

Басылымда атап өткендей, Қазақстаннан үш қыз түнгі клубқа демалуға барған, бірақ ақырында барлығы полициядан бір-ақ шыққан.

Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, қыздар өздерін дөрекі ұстап, шу шығарған. Сонымен қатар, олар клубтан шығуды сұраған талапты елемеген.

Күзетшілер оларды күштеп алып шықпақ болғанда қыздардың бірі түрік азаматының саусағын тістеп алған, делінген хабарламада.

Мекеме қызметкерлері полиция шақырды, қазақстандық қыздарды ақыры полиция әкеткен.

Ұсталғандардың айтуынша, оқиғаның мән-жайы мүлдем басқалай болған.

Ер адамдар қырындап, қыздардан телефон нөмірлерін сұраған. Одан бас тартқан кезде, ер адамдар қыздардың бірін соққыға жыққан. Осылайша төбелес басталған, сол кезде қыздың бірі күзетшінің саусағын тістеген.

Қазір тергеу істің мән-жайы шынымен де қалай болғанын анықтап жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты