Іле Алатауында ер адам жоғалып кетті

ҚР ТЖМ
Белгілі болғандай, турист рюкзагын "Қазселденқорғау" жұмысшыларына тастап, 18 шілдеде түскі асқа оралатынын айтқан, бірақ ол сол күйі оралмаған.

Іле Алатауында 27 жастағы турист жоғалып кетті. Ол жалғыз өзі Мәншүк Мәметова шыңына шығу үшін аттанған, деп хабарлайды zakon.kz.

18 шілдеде Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінен хабарлама келіп түсті. 27 жастағы жас жігіт Мәншүк Мәметова көлінде түнеген соң, таңертең шыңға шығуды ұйғарады. Кешке турист досына шыңға көтерілгені туралы хабарлама жіберіп, бірақ енді өзінің көмекке мұқтаж екенін, өйткені өздігінен ол арадан түсе алмайтынын айтқан. Осыдан кейін ер адаммен байланыс үзілген, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Республикалық жедел-құтқару жасағының тобы оқиға орнына аттанды - бір көлікте алты адам.

Белгілі болғандай, турист рюкзагын "Қазселденқорғау" жұмысшыларына тастап, 18 шілдеде түскі асқа оралатынын айтқан, бірақ ол сол күйі оралмаған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді