Дубайда әуежайда екі ұшақ соқтығысты

ru.depositphotos.com
Оқыс оқиға 22 шілдеде таңертең болды.

Дубай әуежайының ұшу жолағында екі ұшақ соқтығысты: бірі - эмираттық Flydubai , екіншісі Бахрейн Корольдігінің Gulf Air ұлттық әуе компаниясының ұшағы, деп хабарлайды zakon.kz.

РИА Новости әуе компаниялардың баспасөз қызметіне сілтеме жасап, оқыс оқиға 22 шілдеде таңертең болғанын хабарлады. Ешкім зардап шекпеген, бірақ жолаушылар кейінірек басқа рейстерге ауысуға мәжбүр болды.

Дубай халықаралық әуежайынан Бішкек халықаралық әуежайына ұшатын Flydubai әуекомпаниясына тиесілі Boeing 737-800 ұшу жолағында басқа ұшақтың қатысуымен болған кішігірім оқиғаға байланысты 22 шілдеде тұрақ орнына қайта оралды. Жолаушылар басқа рейспен кешірек ұшып кетті. Flydubai бұл оқиғаны тергеу үшін жергілікті билікпен жұмыс істейді, - деді Flydubai әуе компаниясының ресми өкілі.

Өз кезегінде Gulf Air Дубай халықаралық әуежайында өздеріне тиесілі ұшақтың құйрығын басқа бір ұшақ соғып кеткенін растады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз