СҚО-да сүт таситын ауыр жүк көлігі полиция бөлімшесі ғимаратын қиратты

polisia.kz
Зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші сау болған.

Солтүстік Қазақстан облысында сүт таситын ауыр жүк көлігі полиция бөлімшесі ғимаратын қиратты, деп хабарлайды zakon.kz.

Апат 23 шілдеде таңертең ерте болды.

Мамлют тас жолында Мағжан Жұмабаев ауданының 64 жастағы тұрғыны тізгінеген КамАЗ көлігі "Западный" бақылау пунктінің ғимаратына соғылып, айтарлықтай материалдық шығын келтірді, деп хабарлады облыстық полиция.

Бақылау пункті жұмыс істемей тұрған.

Зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші сау болған.

Жүргізушіге қатысты жол-көлік оқиғасы фактісі сәйкес, ҚР Әкімшілік кодексінің 610-бабының 1-бөлігі, "Көлік құралдары жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы, адам денсаулығына, көлік құралдарына немесе басқа мүлікке зиян келтіруі" бойынша хаттама толтырылды, - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін