Алматыда түнде жол апатына ұшыраған бір көлік төңкеріліп әрең тоқтады

zakon.kz
Апат салдарынан көліктің жолаушысы зардап шекті, басынан ауыр жарақат алып, ол жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Алматыда, түнгі сағат 1.30 шамасында Момышұлы көшесінен "Автоцон" бұрылысына жетпей жол апаты орын алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Toyota Avensis көлігі солтүстік бағытқа қарай жылжып келе жатқан. Түсініксіз жағдайларға байланысты жүргізуші рөлге ие бола алмай, салдарынан көлік сол жақтағы жолды толықтай кесіп өтіп, бордюрге соғылып, ақыры тас жолдан ұшып кетті.

Ұшқан бойда көлік ағашпен соқтығысып, шам бағанын және тағы бір ағашты құлатып, төңкерілген бойда тротуарға сырғи жөнелген.

Апат салдарынан көліктің жолаушысы зардап шекті, басынан ауыр жарақат алып, ол жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайларын Алматы қаласының жол полициясы зерттеп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз