Карантин режимін бұзғаны үшін қазақстандықтар жыл басынан бері 1,5 миллиард теңге айыппұл төледі, деп хабарлайды zakon.kz.
COVID-19-дың таралуын болдырмау жөніндегі ВАК мәліметіне сүйенсек, қазіргі кезде республикамызда 1860 жылжымалы мониторинг тобы бар.
Өкінішке орай, олардың қызметін маусым айындағы талдау жұмыс белменділігі мен тиімділігінің 32%-ға төмендегенін көрсетті, - деп атап өтіледі ресми хабарламада.
Нысандарға рейд жасау Түркістан, Алматы, Қарағанды және Атырау облыстарында күрт төмендегені байқалады.
Сонымен қатар, мониторингтік топтар жұмысының жоғары тиімділігі Шымкентте, Алматыда және Жамбыл облысында байқалады.
Ashyq жобасы аясында 35 344 ШОБ-қа тексеру жүргізілген. 482 кәсіпорында заң бұзушылықтар анықталды.
1 қаңтардан 24 шілдеге дейін республикамыздағы мониторингтік топтар 132 088 рейд жүргізіп, 758 679 нысанды қамтығанын атап өткен жөн. 20 158 нысанда шектеу шараларын бұзушылықтар анықталды.
Өткен кезеңде 19 026 адам жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 11 376 кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері және 7 650 жеке тұлғалар да бар. 1,5 миллиард теңгеден астам сомаға айыппұлдар өндірілді. 91 нысанның қызметі тоқтатылды, сотқа 334 материал түсті, делінген хабарламада.