Күрделі эпидахуал. Полиция елімізде 2 мыңнан аса той жасағандарды анықтады

pixabay.com
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният еліміздің аймақтарында 70 мыңнан астам тексеру жүргізіліп, 2 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтаған 1 860 мобильді топ жұмыс істеп жатқанын қоса айтты.

Қазақстан аймақтарында эпидемиологиялық ахуал нашарлап жатқан кезеңде полиция 2 мыңнан астам той жасау фактісін анықтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Жыл басынан бері полиция органы 144 мың рейд өткізді, карантин бұзушылықтың 22 мың жағдайын тоқтатты, ойын-сауық мекемелері жұмысының 8,5 мыңға жуық заң бұзушылығын, оның ішінде 2 мыңға жуық той жасау фактісін тіркеді, - деді Заппаров ОКҚ-дегі брифингіде.

Ол ҚР Ішкі істер министрлігі денсаулық сақтау органдарына шектеу шараларының сақталуын бақылауда, көлік нысандарында медициналық дәрігерлерге жолаушыларды фильтрден өткізуге көмектесетіндігін еске салды.

Оның айтуынша, халықаралық әуежайларда 19, теміржол вокзалдарында 14 бақылау пункттері орнатылды.

Өз кезегінде, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният еліміздің аймақтарында 70 мыңнан астам тексеру жүргізіліп, 2 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтаған 1 860 мобильді топ жұмыс істеп жатқанын қоса айтты.

Эпидемиялық жағдайға қарамастан, той және басқа да бұқаралық іс-шаралар өткізіледі. Бір күнде, 27 шілдеде осындай 110 заң бұзушылық анықталды. Бұл заң бұзушылықтардың көп бөлігі Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында, сондай-ақ Шымкент пен Алматыда тіркелген. Әр адам өзінің және жақындарының өмірі үшін жауапкершілікті түсінуі керек, - деді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері: нені білу маңызды

Google, Apple, Netflix: Шетелдік интернет компаниялар бір жылда елімізге 35 млрд теңге салық төледі

"Қар, көктайғақ, тұман". Сейсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Лудомания – қоғамды жайлаған қауіпті індет

Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады