Желіде Түркістан облысында у шашатын ұшақтар туралы ақпарат тарауда

zakon.kz
Бұл фейк ақпараттың авторы - ер адамды полиция ұстады.

Telegram желісінің арналарының бірінде "коронавирус" бар деп болжанған цистерналар мен олардың жанындағы ұшақтарды түсірген видео тарауда. Видео авторының айтуынша, бұл Түркістан облысындағы жағдай, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл фейк ақпараттың авторы - ер адамды полиция ұстады.

Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері коронавирусты қоздыратын зат шашатын ұшақтар туралы видео авторын анықтап, ұстады. Ол Ордабасы ауданының тұрғыны, өзінің қылығы үшін көптен кешірім сұрап, жалған ақпарат таратқанын мойындады.

Бұған қарамастан, оған қатысты ҚР ҚК-нің 247-бабы, "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оған 1000 АЕК (2 917 000 теңге) дейін айыппұл, бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе айыру немесе түзеу жұмыстары жазасы қолданылуы мүмкін, делінген stopfake.kz хабарламасында.

Шын мәнінде, видеодағы ұшақтар Шымкент қаласының тұрғынына тиесілі. Ол Түркістан облысында жалға алып жатқан егістікті тыңайтқыш себуді ұйғарған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қанша адам педофилия үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды

2026 жылы қандай жаңа заңдар қабылданады

Соңғы алты күнде "Семей орманында" 15 өрт ошағы анықталған

Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды

Бірқатар салықтар бойынша есептілік тапсыру және төлем жасау мерзімі 20 шілдеде аяқталады