Пәтер ұтып алдыңыз! Қарағандылық бір әйелді 500 мың теңгеге алдап соқты

zakon.kz
Белгісіз адам телефон арқылы қоңырау шалып “пәтер ұтып алдыңыз, оны алу үшін 500 000 теңге аудару керексіз” деп есепшотына ақшаны алаяқтық жолмен аудартып алған.

Сарыағашта алаяқтыққа қатысы бар қарағандылық әйел анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын әйел хабарласып, алаяқтың құрбаны болғанын айтқан. Оның айтуынша, белгісіз адам телефон арқылы қоңырау шалып “пәтер ұтып алдыңыз, оны алу үшін 500 000 теңге аудару керексіз” деп есепшотына 500 000 теңге аудартып, алаяқтық жолмен алдағанын көрсеткен.

Аталған жайтты Сарыағаш АПБ-ның полицейлері ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеп, іздестіру жұмыстарын бастап кетті. Сарыағаш полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған Қарағанды қаласының әйел тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Күдікті әйелдің жәбірленушіге жалған ақпарат беріп, ақшаны өз қажетіне жаратқаны белгілі болды. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеруде, деп хабарлайды Түркістан облыстық ПД.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Студенттер жатақханасына орын бөлу тәртібі жаңарды