Елордалық ер адам жұмыстан сәл кеш шыққан екіқабат әйелін сабап тастады

pixabay.com
Баспасөз қызметі лаң салғыш ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалғанын атап өтті. Сонымен қатар, бір жыл мерзімге мінез -құлқына қатысты арнайы талап қойылды.

Нұр-Сұлтанда мас ер адам екіқабат әйелін сабап тастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Елордалық полицияның мәліметінше, 36 жастағы Астана тұрғыны жұмыстан сәл кешігіп шыққаны үшін қатты ашуланып, әйеліне қол көтерген.

Әйелі жұмыстан 15 минутқа кешігіп шығады. Үйге қайтып бара жатқанда күйеуі оны қорлап, балағаттаған. Бірақ жанжал мұнымен аяқталмаған, үйге барған соң ер адам әйеліне қол жұмсап, содан кетіп қалады. Таңертең үйіне мас күйінде оралған ер адам жүкті әйелін сабаған. Араға түспек болған енесіне де қол тиеді. Сол кезде үйдің үлкені учаскелік полиция қызметкеріне хабарласып, көмек сұрайды, деп нақтылады қалалық ПД.

Баспасөз қызметі лаң салғыш ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалғанын атап өтті. Сонымен қатар, бір жыл мерзімге мінез -құлқына қатысты арнайы талап қойылды.

Соттың шешімімен ер адам 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлады полициядағылар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы