Екпе алмаған ата-аналар мен балабақша туралы желідегі ақпаратқа түсінік берілді

zakon.kz
ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ата-аналары COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған балаларды балабақшаларға қабылдамайды деген қауесетті жоққа шығарды.

Желі қолданушылары Шығыс Қазақстан облысында ата-анасы COVID-19-ға қарсы егілмеген балаларды балабақшаларға қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабарламаны қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ата-аналары COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған балаларды балабақшаларға қабылдамайды деген қауесетті жоққа шығарды.

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылдың 14 шілдедегі №32 "Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысында мектепке дейінгі балалар мекемелеріне баратын балалардың ата-аналарын вакцинациялау туралы мәселе қозғалмайды. Балалар мектепке дейінгі мекемелерге шектеусіз барады, – деп хабарлады ведомстводан.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 14 шілдедегі қаулысында соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар немесе COVID-19 ауырғандарды қоспағанда, COVID-19 қарсы вакцина алмаған адамдар күндізгі бөлімде жұмыс істеуге жіберілмейді делінген. Бұл талап білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының, оның ішінде оқу-өндірістік комбинаттардың білім беру дамыту және түзету орталықтарының және басқа да мектептен тыс ұйымдардың қызметкерлеріне де қатысты. Алайда, аталған білім беру мекемелеріне баратын балаларға және олардың ата-аналарына вакцинация туралы талаптар қолданылмайды.

Демек, ҚР Бас санитарлық дәрігері ата-аналардың КВИ-ға қарсы вакцина алмауына байланысты балаларды балабақшаға, мектепке немесе басқа білім беру мекемесіне қабылдаудан бас тартылуы мүмкін деген қаулылар шығарған жоқ, деп хабарлайды stopfake.kz.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды