Атырауда екі жұмысшы 15-қабаттағы жедел саты шахтасына құлап кетті

mgorod.kz
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Атырауда жұмысшылар жедел саты шахтасына құлап кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Lift Invest ЖШС -нің екі қызметкері қонақүй кешенінде монтаждау жұмыстарын жүргізіп жүріп, 15 -ші қабаттан жедел саты шахтасына құлап кетті.

Қайғылы оқиғаның салдарынан 40 жастағы ер адам оқиға орнында қайтыс болды, екіншісі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді. Науқастың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Оған травматикалық шок деген диагноз қойылды, көптеген сынықтары мен жарақаттары да бар. Қазіргі уақытта зардап шегушіні отаға дайындап жатыр. Отадан кейін ол жансақтау бөліміндегі дәрігерлердің бақылауында болады, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді