Картон нөмірмен жүрген павлодарлық жүргізуші ұсталды

Павлодар облысы ПД
Биыл Павлодар облысында полицейлер жалған нөмірлерді қолданғаны үшін 60-қа жуық құқық бұзушыны жазалады.

Павлодар облысында көлік жүргізушісі картоннан жасалған жалған нөмір үшін жазаланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, полиция қызметкерлері күн сайын жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдаланатын бұзушыларды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізеді.

Аталған заңбұзушылық ҚР ӘҚБтК 590-бабының 4-бөлімінде қарастырылған, бұл 20 АЕК мөлшерінде айыппұл санкцияларына немесе бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.

Биыл Павлодар облысында полицейлер жалған нөмірлерді қолданғаны үшін 60-қа жуық құқық бұзушыны жазалады.

Мысалы, облыс орталығында полиция қызметкерлері мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі күдік тудырған Nissan автокөлігін анықтап, деректер базасын тексеру кезінде мұндай нөмірлік белгісі бар автокөліктің шын мәнінде жоқ екені анықталды. Облыс тұрғынының қарапайым картоннан жасалған жалған мемлекеттік тіркеу белгісін орнатқаны белгілі болды. Аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 3-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалды, оған15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, - дейді облыстық ПД.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты