Туған әкесі кішкентай баласын бесінші қабаттағы терезеден лақтырып жіберді

pixabay.com
2018 жылы туған бала ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

4 тамызда Мәскеуде кішкентай баласын туған әкесі бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен лақтырып жіберді, деп хабарлайды zakon.kz РБК -ға сілтеме жасап.

2018 жылы туған бала ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Оқыс оқиға кезінде ер адамның енесі пәтерде болған. Қарияның айтуынша, баласын терезеден лақтырып жіберген ер адам оқиға орнынан дереу ізін суытқан.

Баланың анасы ұзақ сапарға кеткен, сондықтан балаға қараушы әжесі болып табылады.

Тергеушілер РФ Қылмыстық кодекстің 30-бап, 3-тармағы, 105-баптың 2-тармағы (Кәмелетке толмаған баланы өлтіруге оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Полицияға Шипиловская көшесінде кәмелетке толмаған баланың биіктіктен құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілді. Полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр, оқиғаның себептері мен мән -жайы анықталуда, қылмысқа қатысы бар адам іздестіріліп, ұстау шаралары жүргізілуде, - деп хабарлады Мәскеудегі ІІМ Бас басқармасының баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді