Алакөлдегі апат: ер адам мерт болды, қызы реанимацияға түсті

pxhere.com
Іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалды, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Қайғылы оқиға 8 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Алакөл көлінде орын алды. Ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алакөлде үрлемелі матрацқа мініп, суда жүзіп жүргендерге 27 жастағы әйел басқарған гидроцикл соғылды. Әйел адам – Түркістан облысының тұрғыны, ол қауіпсіздік ережесін бұзған және техниканы басқара алмаған.

Семей қаласының 40 жастағы тұрғыны оқиға орнында көз жұмды. Оның 2010 жылы туған қызы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Үржар аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 344 бабы 2-бөлігі бойынша (Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу, абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан дәл сол іс-әрекет) сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалды, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Сонымен қатар, гидроцикл иесі, Үржар облысының 31 жастағы тұрғынына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 306 бабының 3-бөлігімен (Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты