Елімізде жыл басынан бері жол апатынан 1017 адам опат болды

zakon.kz/ Павел Михеев
Биылғы жеті айда жол ережесін бұзудың 4 млн-ға жуық жағдайы анықталды. Оның ішінде 1,4 млн жылдамдық асыру фактісі тіркелді.

Қазақстанда жыл басынан бері жол апатынан 1 017 адам қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов арнайы брифингіде айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, елімізде 2021 жылы 7 180 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 9 533 адам түрлі дене жарақатын алса, 1 017 адам қайтыс болған.

Сондай-ақ, биылғы жеті айда жол ережесін бұзудың 4 миллионға жуық жағдайы анықталды. Оның ішінде 1,4 млн жылдамдық асыру фактісі тіркелді.

Жыл басынан бері Қазақстан жолдарында 7 180 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 1 017 адам қаза болды, 9 533 адам түрлі дене жарақатын алды. Жолдағы қауіпсіздіктің айқындаушы факторы ретінде бұрынғысынша жүргізушілердің тәртібі қарастырылып отыр. Биылғы 7 айда жол ережесін бұзудың 4 миллионға жуық жағдайы анықталды, - деді Түсіпов.

Белгілі болғандай, осы жылы жол белгілері талаптары мен таңбаларды елемеудің 1 мыңға жуық оқиғасы анықталды. Бұдан басқа, 13 мыңнан астам жүргізуші автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты