Нұр-Сұлтанда арнайы операция өтті

zakon.kz
Арнайы операция нәтижесінде заңсыз айналымнан 36,3 кг гашиш алынды, бұл - 73 мыңнан астам бір реттік дозаны құрайтын көлем.

Нұр-Сұлтанда тәртіп сақшылары арнайы операция жүргізді, нәтижесінде қала аумағына есірткі тасымалдайтын арнаның көзі жойылды, деп хабарлайды zakon.kz.

7 тамызда жедел-іздестіру шаралары кезінде 37 жастағы ер адам ұсталды, тінту кезінде одан салмағы екі келі гашиш табылып, алынды. Ұстау кезінде күдікті қашып кетпек болды. Ұсталған адамның тұрғылықты жерінде, Қосшыдағы үйін тінту кезінде иісшіл иттің көмегімен ит ұясында арнайы жабдықталған жасырын орыннан салмағы 34 келіден асатын гашиш салынған екі полиэтилен пакет алынды.

Ұсталған адам тәркіленген есірткіні елорда аумағында сатуды көздеді, - дейді Нұр -Сұлтан ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының басшысы Олжас Жарылғапов.

Арнайы операция нәтижесінде заңсыз айналымнан 36,3 кг гашиш алынды, бұл - 73 мыңнан астам бір реттік дозаны құрайтын көлем.

ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы, 3 -бөлігі, "Есірткі заттарын сату үшін заңсыз алу, сақтау, тасымалдау" бойынша қылмыстық іс қозғалды, бұл мүлікті тәркілеумен қатар, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастыратын жаза.

Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі