ШҚО-да бір әйелдің күйеуі 5-ші қабаттан секіріп кетпек болды

zakon.kz
Полицейлер оны аман алып қалды.

5 тамызда түнде Шемонаиха АПБ "102" жедел арнасына Первомайский кентінің тұрғынынан 30 жастағы азаматтық некедегі күйеуі өз-өзіне қол жұмсағысы келіп, пәтерінің 5-қабатынан секірмек ниетте тұрғаны туралы қоңырау келіп түскен, деп хабарлайды zakon.kz ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шақыруға Первомай кенттік полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Сайран Амантайұлы Қалиев және жедел уәкіл Руслан Есімханұлы Қойшыбаев КПБ қызметкерлері жедел жеткен.

Оқиға орнына жеткен полицейлер терезенің сыртында аяғын үйдің қабырғасына ғана тіреп, қолымен терезеден ұстап тұрған ер адамды көреді. Жағдайды көрген полиция қызметкерлерінің бірі ер адаммен келіссөз жүргізіп, оны пәтерге қайта кіргізу үшін темекі сұраған. Келіссөздер нәтижесінде полиция қызметкері ер адамға жақындап, оны ұстап алып, қауіпсіз жерге шығарған.

Белгілі болғандай, жас жігіт мас күйде болыпты, әйелімен жанжалдасып қалып, өзіне қол жұмсамақ болған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін