Желіде "балабақша мен мектептерде улы газ шашады" деген ақпарат тарай бастады

Азот оксидін көзге көрсінбейтіндей шашу мүмкін емес. Азот оксиді – өткір иісі бар қызыл-қоңыр, кейде қызғылт сары газ. Оны байқамау мүмкін емес - сарапшылар.

Telegram желісінде қараша айында балалар жаппай ауыра бастайды, оған мектептер мен балабақшаларда азот оксиді мен бериллий шашу себеп болады деген ақпарат талқылануда, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл ата-аналарды балаларды КВИ-ге қарсы егуге мәжбүрлеу үшін жасалуы ықтимал деген де долбар келтіріледі.

Бұл - өтірік. Бұл ақпаратты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды, деп хабарлайды stopfake.kz.

Бұл - фейк ақпарат. Қазіргі уақытта мектептерде КВИ таратпау бойынша барлық шаралар қабылданды, 379 540 педагог пен мектеп қызметкерлері вакцинацияланды. Бұл барлық орта білім беру қызметкерлерінің 96%-ы. Оқушылар арасында КВИ таралуына жол бермеу бойынша шаралар алгоритмі әзірленді, – деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Сондай-ақ ол көрінеу жалған ақпарат таратушылар ҚР ҚК 274-бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылатынын еске салды. Яғни, бұл бап бойынша 3 мың АЕК-ке дейінгі айыппұл түріндегі жауапкершілік, 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Азот оксидін көзге көрсінбейтіндей шашу мүмкін емес екенін айта кеткеніміз жөн. Азот оксиді – өткір иісі бар қызыл-қоңыр, кейде қызғылт сары газ. Оны байқамау мүмкін емес, - дейді сарапшылар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: