Жамбыл облысында жол бойынан басы жоқ жасөспірімнің денесі табылды

zakon.kz
Кейін анықталғандай, жантүршігерлік оқиғаға жол-көлік апаты себеп болып шықты. Одан бөлек тағы бір оқушы жарақат алып, ол қазір ауруханада жатыр.

Жамбыл облысындағы ауылдық елді-мекен маңындағы жолдың жанынан басы жоқ жасөспірімнің денесі табылды. Кейін анықталғандай, жантүршігерлік оқиғаға жол-көлік апаты себеп болып шықты. Одан бөлек тағы бір оқушы жарақат алып, ол қазір ауруханада жатыр, деп хабарлайды zakon.kz КТК-ге сілтеме жасап.

- Әне басы жатыр

Адам шошырлық қайғылы жағдай Байзақ ауданының орталығында болған. Полицейлер таратқан мәліметке сүйенсек, 27 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, екпінмен келіп жол жиегіндегі бағанаға соғылған. Қатты соққыдан көлік ішіндегі екі жолаушы зардап шекті. Жас шамасы 12-13-тегі жасөспірімдердің біреуінің басы денесінен бөлініп қалған. Ал, екіншісі ауруханаға түсіпті.

Көлік жүргізушісі апат болған жерден қашып кеткен. Бірақ ол көп ұзамай қолға түсті. Қазір дерекке қатысты тергеу жүріп жатыр, - дейді облыстық ПД баспасөз хатшысының міндетін атқарушы Бегман Құтмырзаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді