Павлодарда күйеуі өртеп жіберген әйел қайтыс болды

ҚР ДСМ баспасөз қызметі
Науқастың жағдайы соңғы күндері нашарлап кетті - дәрігерлер.

Павлодарда күйеуі үстіне спирт қойып, өртеп жіберген әйел қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Денесінің 50% күйік шалған әйелдің жағдайы бірнеше күн бұрын күрт нашарлап кеткен, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Розовка ауылының тұрғыны ауруханада көз жұмған. Бұған дейін оның жағдайының ауыр екенін дәрігерлер айтқан болатын.

Науқастың жағдайы соңғы күндері нашарлап кетті. Осыған байланысты ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылған болатын. Өкінішке қарай, әйел 17 тамызда қайтыс болды, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 34 жастағы әйелді ішімдікке тойып алған күйеуі өртеген. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ерлі-зайыптылар оқыс оқиғаға дейін өзара ұрысқан. Кейін әйелі мас күйінде көлік тізгіндемек болған күйеуіне рұқсат бермеген. Ол тоңазытқышта тұрған спиртті алып, әйеліне шашып, оттықпен от қойған.

Өртенгеніне қарамастан әйел күйеуінің үстінен арыз жазудан бас тартқан. Алайда құқық қорғау органдары денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Болған жағдайға қарамастан, отбасының көршілері ерлі-зайыптылардың тату болғанын айтады. Олардың үш баласы бар. Қазір олар атасы мен әжесінің қолында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз