Рудныйда мас ер адам балконнан оқ жаудырды

dpkostanaiskoi_oblasti
Оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр.

Рудный қаласының полиция қызметкерлері балконнан жылқыларға оқ атқан адамды ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр.

Рудный қаласында 22 тамызда сағат 17:30 шамасында өзінің екінші қабаттағы пәтерінің балконынан мас ер адам қараусыз жүрген жылқыларды пневматикалық тапаншамен бірнеше рет атты, деп хабарлайды Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметі.

32 жастағы ер адамнан пневматикалық тапанша тәркіленіп алынды. Жайылып жүрген жылқылардың иесін анықтау шаралары да жүргізіліп жатыр.

Оқыс оқиға салдарынан құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда