Алматыда "мәселе шешкіш", пысықай-алаяқ ұсталды

zakon.kz
Тергеу кезеңінде ұсталған адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу шаралары жүргізілуде.

Алматы полициясы "мәселе шешкіш", пысықай-алаяқты ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, Әуезов аудандық полициясы шаһардың үш тұрғынын алдады деп күдікке алынған 27 жастағы Е.есімді азаматты назарға алды. Оның әрекеттерінен келтірілген жалпы материалдық шығын 36 миллион теңгені құрады.

Зардап шеккендердің бірінің нұсқасы бойынша, ол Е.есімді азаматты бұрыннан біледі, ол бірнеше тиімді тендерлерді ұтып алдым деп сендіріп бірлескен кәсіпке ақша салуды ұсынды. Оған қаражат аударылғаннан кейін ол хабарласуды тоқтатты. Сотқа дейінгі тергеу барысында тағы екі қылмыстық эпизод анықталды. Бір жағдайда, ер адам өзін тергеуші ретінде таныстырып, қылмыстық істі тоқтатуға көмектесуге уәде беріп, басқа адамдардың ақшасын жымқырған, екіншісінде – элиталық автокөлікті төмен бағамен сатып алуға көмектесемін деп уәде еткен, – дейді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Тергеу кезеңінде ұсталған адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу шаралары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды