Қыз алып қашқандар жылқыларға соғылып, апатқа ұшырады - 11 адам зардап шекті

pixabay.com
БҚО денсаулық сақтау басқармасы жол апатынан екі көлік зардап шеккенін, олардың ішінде 11 адам болғанын айтады.

30 тамыз күні кешке Орал-Ақсай тас жолында оқыс оқиға орын алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Екі көлік үш жылқыға соғылып, апатқа ұшырады, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Жол апаты Бөрлі - Ақсай - Жымпиты тас жолының 27-ші шақырымында Бөрлі ауданы Пугачево ауылының маңында орын алды.

LADA Priora жүргізушісі үш жылқыға соғылған. Зардап шеккендердің айтуынша, олар қалыңдықты ұрлап, Оралдан Ақсайға бет алған, деп хабарлайды БҚО ПД баспасөз қызметі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы жол апатынан екі көлік зардап шеккенін, олардың ішінде 11 адам болғанын айтады.

Төрт зардап шегуші: әйелге жабық бас жарақаты, мидың шайқалуы және гемоторакс диагнозы қойылды. 19 жастағы бойжеткенде жабық бас жарақаты, мидың шайқалуы бар. 18 жастағы жігітте бас-сүйек, ми жарақаты бар, түрлі дене жарақттары бар 18 жастағы бойжеткенде осындай диагнозбен жансақтау бөліміне жатқызылды, - дейді БҚО Денсаулық сақтау басқарамасының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар хирургия бөлімінде бас-сүйектің жабық жарақаты, мидың шайқалуы, мойын омыртқасының сынуымен 22 жастағы ер адам жатыр.

22, 21, 19 және екі 18 жастағы жастарда түрлі дене жарақаттары мен сырылулар бар. Олар амбулаторлық емдеуге жіберілді. Тағы 21 жастағы жігіт ауруханаға жатудан бас тартты.

Үш жылқы өліп қалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты