Алматы соты Қоғамдық денсаулық басқармасындағы ақша жымқыру ісіне нүкте қойды, деп хабарлайды zakon.kz.
Алматы қаласы Бостандық ауданының No2 соты Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының (ҚДБ) бұрынғы қызметкерлеріне қатысты бір топ адаммен алдын ала сөз байласу, қызметтік жағдайын асыра пайдалану арқылы аса ірі көлемде бөтеннің мүлкін жымқыру және жарату бойынша қылмыстық іс қаралды (Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы).
Сонымен қатар, бұл іске қатысты "V" ЖШС -нің құрылтайшысы әрі директоры экономикалық контрабанда фактісі бойынша өтуде: бір топпен адаммен алдын ала келісу арқылы жалған ақпарат пен құжаттарды ұсына отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы аса ірі көлемде тауарларды бірнеше рет өткізу. (Қылмыстық кодекстің 234-бабы, 2-бөлігі)
Сот үш қабатты медициналық бетперделерді жеткізуге тендер жарияланғанын анықтады.
Сенімсіз рұқсат алу құжаттарын ұсына отырып, медициналық бетперделерді жеткізу деген желеумен V ЖШС-нің директоры әрі құрылтайшысы Қазақстан Республикасының аумағына үш қабатты медициналық бетперде емес, кедендік ресімдеуге жататын, барлық қажетті баждарды төлеуді талап ететін қарапайым бетперделерді алып өтіп, экономикалық контрабанда жасады. Содан кейін "V" ЖШС директоры басқа ЖШС директорымен және басқа тұлғалармен, сондай -ақ Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының лауазымды адамдарымен келісім жасасты. Осылайша, мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт бойынша олар медициналық бетперденің орнына қарапайым бетперде ұсынып, ал бөлінген ірі ақшаны ұрлау арқылы талан-таражға салды, делінген аудандық соттың хабарламасында.
Соттың мәліметінше, Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасыкелтірген шығын көлемі - 234 миллион теңгеден астам. Алматы Мемлекеттік кіріс департаментіне келтірілген залал көлемі - 19 млн теңге.
Жарыссөзде прокурор соттан барлық айыпталушыларды тағылған айып бойынша кінәлі деп тануды және қылмыстар жиынтығы үшін 7 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады.
Жәбірленуші тарап - МКД-ның Алматыдағы өкілі үкім шығару туралы прокурордың ұстанымымен келісті. Алматы қалалық ҚДБ өкілі жазаны белгілеуді соттың қалауына қалдырды.
Нәтижесінде бұл жағдайда қылмыстық жауапкершілікке 6 адам тартылды, олар қылмыс жасауға қатысу дәрежесіне қарай 3 жылдан 7 жылға дейін және 6 айға бас бостандығынан айырылды, қылмыстық жолмен табылған мүлкі тәркіленді (ақша).
Сотпен мемлекет кірісіне 254 миллион теңге көлемінде материалдық залал өндірілді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.