Ақмола облысында төрт әйелді пышақтаған қылмыскер сотталды

zakon.kz
Қылмысты жасау кезінде ер адам мас болған.

Ақмола облысында төрт әйелді айуандықпен өлтірген қылмыскерге қатысты сот үкімі оқылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ақмола облысы Бурабай ауылында болған қанды қылмыс тұрғындарды шошытқан. Ер адам төрт әйелді пышақтап өлтірді, деп жазады Көкшетау.Азия. Қылмыс 2020 жылдың 5 желтоқсанында көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлерінің бірінде болған.

Тергеу мәліметтері бойынша, Ақмола облысының 28 жасар тұрғыны Валентин Штырь Бурабай аудандық полиция бөліміне өзі хабарласып, ұйықтап жатқан төрт әйелді өлтіргені туралы хабарды жеткізген.

Қылмысты жасау кезінде ер адам мас болған.

Оның құрбандары 70 жастағы әйел мен оның 41 жастағы қызы және екі көршісі екен.

Тәртіп сақшылары телефон соққан адамды ұстады. Ол бұрын бірнеше рет ұрлық үшін сотталған болып шықты.

Қылмысын мойындаған күдікті қылмыс құралы – пышақты көрсетті. Қылмыс себебін ол өлтірілгендердің бірімен араз болғанымен түсіндірді.

Ақмола облыстық соты сотталушыны кісі өлтіргені үшін кінәлі деп таныды. Судья Торқалы Бектұрсынов оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сотталушы өз кінәсін мойындамады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты