Қарағандыда жоғалған адамның сүйегі табылды

zakon.kz
Марқұмнан табылған құжаттар 27 жастағы Қасымхан Жұмашевке тиесілі.

Марқұмның аты жөні әлі анықталған жоқ, деп хабарлайды zakon.kz.

Құр сүйегі қалған азаматтың жеке басын анықтау үшін сараптама тағайындалды. Қаңқаның жанында жоғалған адамның құжаттары болды, - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі "Патриот" Telegram каналына.

Өлім себебіне сапартама жүргізілуде. Егер сарапшылар кісі өлтіру белгілерін тапса, ісі "кісі өлтіру" бабына ауыстырылмақ.

Марқұмнан табылған құжаттар 27 жастағы Қасымхан Жұмашевке тиесілі, ол полиция бөліміндегі жоғалып кеткендер тізімінде тұр екен.

Жас жігіт 26 тамызда жоғалып кеткен. Ол туыстарына досының үйінде болатынын айтыпты. Бірақ ол досына келмепті. Сол күннен бастап оның телефон нөмірі сөндірілген. Қасымхан кинотеатрлардың бірінде бармен болып жұмыс істеген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды

Ақтаулық Құрылтай есімді тұрғын дауыс беруге келді: Маңғыстаудағы сайлау несімен ерекшеленді